31.03.2022, 18:11 17681

Қазақстан полициясына жарылғыш заттар қойылғаны туралы бірнеше хабарламалар келіп түсті - ІІМ тыныштықты сақтауға шақырады

Қазақстан полициясына жарылғыш заттар қойылғаны туралы бірнеше хабарламалар келіп түсті - ІІМ тыныштықты сақтауға шақырады
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 
 

Қазақстанның бірқатар қаласында түрлі объектілерінде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінде.

 
Ішкі істер министрлігі салынған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. 
 
ІІМ тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда бірнеше нысанда жарылғыш заттар қойылғаны туралы қоңыраулар 102 пультіне түскен болатын. 

Алматы полициясы әуежайда жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Халықаралық әуежайда тексеріс аяқталды. Жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Нысан штаттық режимге көшірілді", - деп хабарлады қалалық ПД.


Бұған дейін департаментте хабарлағандай, Алматыда 7 нысанның 6-ында жарылғыш зат табылған жоқ.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны