20.02.2023, 13:16 20066
Елордада "синтетиканы" жеткізудің ірі арнасы жойылды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Тәркіленген есірткінің салмағы аса ірі мөлшерге жатады
Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Елордада есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сатудың жолын кесті.
Күмісбеков көшесіндегі үйінің жанынан Range Rover автокөлігінің жүк салғышында күшті синтетикалық есірткі заты - мефедронның екі пакетін тасымалдап келе жатқан 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу анықтағандай, ұсталған азамат есірткіні Алматыдан сатып алып, көлікпен Астанаға жөнелтіп, өзі елордаға ұшақпен оралған. Әрі қарай ол есірткіні бір келіден бөліп, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларында ірі мөлшерде көтерме сауда үшін жасырып кетуді жоспарлаған. Күдікті есірткіні орап-түю үшін тасымалдау барысында ұсталды", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғанның пәтерін тінту кезінде екі келі гашиш, бір миллионнан артық теңге, сондай-ақ электронды таразылар мен буып-түюге арналған материалдар алынды.
Ішкі істер министрлігінде атап өткендей, тәркіленген есірткінің салмағы аса ірі мөлшерге жатады. Олардың айналымы үшін жаза мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда, ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталуда.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.09.2024, 15:39 6541
Маңғыстау облысындағы астан улану оқиғасына байланысты тергеу тобы құрылды
Достарға айту
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен құрылған тергеу тобының құрамына экономикалық тергеп тексеру департаменті және полиция департаменті өкілдері кірді, деп мәлім етті аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде асханадан алынған ас сынамаларының қорытындысы күтілуде. Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ережесіне сәйкес, ертең, 10.09.2024 жылы зертханалық сынамалар қорытындысы шығарылады.
Жаңа құрылған тергеу тобы зертханалық сараптаманың нәтиже бойынша нақты шаралар қабылдайтын болады.
Айта кетейік, 6-қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы 8-мектепте орын алған жағдай бойынша аудандық ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен №244750031000356 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда дәрігерлерге қаралған балалар саны 460, оның 377 үй жағдайында бақылауға жіберілді. Облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 83 бала жатқызылды. Ал жансақтау бөліміндегі екі бала бүгін жалпы палатаға ауыстырылды.
Жалпы жағдай тұрақты. Оқушылардың денсаулығы жақсарып келеді.
Ал үйінде бақылауда болған оқушылар бүгін мектепке бара бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.09.2024, 11:58 18791
Ақтөбе облысындағы жасөспірімнің өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды
Достарға айту
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Темір ауданы, Қопа ауылындағы Қопа орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары арасындағы кикілжін салдарынан 9-сынып оқушысының өлімімен аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру, облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен жеке бақылауға алынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталып, Темір аудандық сотымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуде.
Қадағалауды жүзеге асыру, тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді.
Аталған қылмыстың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерделеу үшін, ауданға арнайы комиссия жіберілді.
Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық және аудандық білім бөлімі басқармаларының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыну енгізілді.
Бүгінгі күні, қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2024, 20:37 24166
Қостанайда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
Достарға айту
Қостанайда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйек күні түнде полицияға Тобыл өзеніне үлкен көпірден секірмек болған ер адам туралы ақпарат түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Елнұр Қамысбай мен Еламан Исламғалиев дереу оқиға орнына барды.
Ер адам сол уақытта металл қоршаудан өтіп, темірден ұстап тұрған. Полицейлерді көрген соң, олардың жақындамауын сұрап, көпірден секіремін деп қорқытқан.
Ол өзін өте агрессивті ұстады. Мен оның назарын аударып жатқанда, менің серіктесім оның қолынан қатты ұстап қалды. Содан азаматты бірге тартып шығарып, аман алып қалдық", - деді Еламан Исламғалиев.
Ер адам мас күйде болды. Оның қауіпсіздігі үшін полиция ер адамды медициналық мекемеге орналастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2024, 18:33 24406
Жоғалып кеткен 13 жастағы турист қыз табылды
Достарға айту
Көлік полицейлері жоғалып кеткен 13 жастағы турист қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы әуежайының желілік полиция бөлімі қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кірісті.
Айта кетейік, шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген. Алайда ол жанжал салдарынан құжаттарын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматы Мия Ю Тинь аман-есен табылып, анасына тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2024, 14:58 24621
Алматы облысында сібір жарасын жұқтырды деген төрт жағдай тіркелді
Достарға айту
2024 жылғы 1 қыркүйекте Ұйғыр ауданының Үлкен Аксу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті төрт жағдай тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша инфекция көзі ауру малды сою кезінде жұққан болуы мүмкін, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.
Аурудың негізгі таратушылары - ауылшаруашылығы малдары (ірі қара, жылқы, қой, ешкі), сондай-ақ споралары ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін инфекциямен ластанған топырақ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қауіпсіздік және ветеринариялық бақылау комитетінің Алматы облысы аумақтық инспекциясы малды сою ветеринариялық қызметке хабарланбай жүргізілгенін мәлімдеді. Аурудың нақты себептерін анықтау үшін ветеринариялық инспекция Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, Полиция Департаментімен және облыс әкімдігімен бірлесіп науқастардың үйлерінен сойылған малдың шикізаты мен өнімдерінен, сондай-ақ сою орнындағы топырақтан сынамалар алды.
Республикалық ветеринариялық зертхана алынған материалдарға биосынама микроскопиясы және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдістерімен зерттеу жүргізді. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері жақын арада дайын болады деп күтілуде. Сонымен қатар, талдау үшін материалдар Алматы қаласындағы Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылғы 12 тамызда осы елдімекендегі жануарлар сібір жарасына қарсы вакцинацияланған болатын.
Қазіргі уақытта елдімекенде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, науқастардың жеке шаруашылықтары карантинге жабылды. Мамандар жануарларды күнделікті тексеруден өткізуде, әзірге аурудың клиникалық белгілері анықталған жоқ.
Барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілуде.
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы аурудың тері түрі инфекцияның ең кең таралған түрі екенін және уақтылы емдеу кезінде қалпына келу мүмкіндігінің жоғары екенін атап өтті. Барлық пациенттердің жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесінде деп бағалануда.
Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды. Инфекцияның негізгі көзі - ауылшаруашылығының ауырған малдары (ірі қара мал, жылқы, қой, ешкі). Сібір жарасының қоздырғышы адам организміне, негізінен, зақымдалған тері арқылы, сирек жағдайда - тыныс алу жолдары мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт) 2 күннен 14 күнге дейін", - деді ол.
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов инфекцияны жұқтыру қаупі бар адамдар тобы анықталғанын хабарлады. Олардың барлығы медициналық бақылауға алынған.
Жергілікті атқарушы органдар жедел штаб құрып, жағдайды бақылауды және қадағалауды күшейтті. Аудандық полиция бөлімі етті және малды ауданнан тыс жерлерге әкетуге және басқа аудандардан әкелуге шектеу енгізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.08.2024, 20:51 47136
Қостанай облысында суға батып бара жатқан адамды құтқарған тұрғын марапатталды
Достарға айту
Қостанай облысында суға батып бара жатқан адамды құтқарған тұрғын марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Лисаков қаласының тұрғыны Андрей Литвиненко учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиевпен бірге адам құтқарды. Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда кешке Октябрь кентінің жанында Тобыл өзенінің бір жағалауынан екінші жағалауына өтпек болған, 39 жастағы ер адам абайсызда велосипедтен терең суға құлап кеткен.
Данабекпен бірге әрекет еттік, ойлануға уақыт болмады, біз суға батып бара жатқан адамды жағаға аман-есен шығардық", - деді Андрей Литвиненко.
Көрсеткен батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Андрей Литвиненко Лисаков қаласының полиция бөлімі бастығының грамотасымен марапатталды, сондай-ақ оған естелік сыйлық, қолсағаты табыс етілді.
Полиция қызметкері Данабек Игімбердиев кәсіпқойлығы үшін Конституция күнін мерекелеуге арналған алдағы іс-шарада марапатталады.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінде Данабек Игімбердиевтің ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқанын, осы учаскеде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол азаматтарға бірнеше рет көмекке келді. Өткен сәуірде ол мұзды суға батып бара жатқан адамды құтқарды, ал желтоқсан айында газ баллондары бар гаражда өрттің алдын алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.08.2024, 09:23 69001
Қостанай облысында өзенге батып кеткен баланың денесі іздестірілуде
Достарға айту
Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері осымен екінші тәулік су ағызып әкеткен баланың денесін таппай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Козыревка елдімекенінде ер адам мен сегіз жасар бала Тобыл өзені бойындағы жардан өтіп бара жатқан. Кенеттен екеуі де өзенге құлайды. Ер адам судан өз бетімен шыққан, ал баланы су ағыны алып кеткен.
ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда.
19 тамыз, сағат 21-09, бала әлі табылған жоқ", делінген төтеншеліктердің соңғы хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.08.2024, 12:10 72531
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы салдарына ондаған рейстің кешігуіне тура келді
Достарға айту
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы салдарына ондаған рейстің кешігуіне тура келді, деп хабарлайды Air Astana.
Air Astana 866 рейске қатысты берген түсініктемесіне орай, 16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды.
Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр.
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейстердің кешігуіне әкелгенін атап өту қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.09.2024, 12:50Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды 13.09.2024, 12:53 556Жоғары аудиторлық палата активтерді пайдалану тиімділігінің аудитін бастады13.09.2024, 13:09 351Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасын қабылдады13.09.2024, 13:06 246Тоқаев білім министріне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді13.09.2024, 13:15 181Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден қайтарылды
10.09.2024, 13:58 Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді65676Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді10.09.2024, 13:54 65646Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді10.09.2024, 14:07 65611Қазақстанда "Шексіз бауырластық-III" көпұлтты оқу-жаттығуы басталды10.09.2024, 14:15 65401Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде10.09.2024, 14:22 65111"Самұрық-Қазына" қорында Донор күні өтті
28.08.2024, 18:38 115836Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11465139 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 110451Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 106201Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 106076Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді