05.10.2023, 21:12 62946

Ақмола облысында оқушы артына бұрылып, қалам сұрағаны үшін таяқ жеді

Ақмола облысында оқушы артына бұрылып, қалам сұрағаны үшін таяқ жеді
Сурет: Polisia.kz
5 қазанда әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушының басын тақтаға ұрған видеосы пайда болды. Оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылының мектебінде болғаны анықталды. Өңір полициясы болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаға сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе кәмелетке толмағанды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің басқа да қызметкерінің осы міндеттерді орындамауы немесе кәмелетке толмағандарға қатыгездік таныту).

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалғаны нақтыланады.

Видео авторы баланың артына бұрылып, қалам сұрағаны үшін таяқ жегенін айтады.

Сонымен қатар, облыстың білім басқармасы аталған факті бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін аудандық білім бөлімінің комиссиясы мектепке аттанғанын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны