02.04.2024, 22:13 44766

Ақтөбе облысында оқушы бала қызыл суға батып, мерт болды

Бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен
2024 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиғаның орын алғанын Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаев Қазақпарат агенттігіне берген ақпаратында растады.

2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды", делінген хабарламада.


Айта кетсек, бір апта бұрын ШҚО-да өзенді трактормен кесіп өтпек болып, жоғалып кеткен екі ер адам әлі іздестіріліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны