14.05.2012, 14:51 3518

Ақмола облысында 9 жасар оқушыға найзағай түсіп, мерт болды

"Бұланды АІІБ кезекші бөлімінің телефонына "Бөрілі" стансасында 2003 жылы туған кәмелетке толмаған қызға жай түсіп, қаза тапты деген ақпарат келіп түсті. Оқиға қыздың 1999 жылы туған ағасының көзінше болған", - делінген хабарламада.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында 9 жасар оқушыға найзағай түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Ақмола облысының Бұланды ауданында 12 мамыр күні болған.

"Бұланды АІІБ кезекші бөлімінің телефонына "Бөрілі" стансасында 2003 жылы туған кәмелетке толмаған қызға жай түсіп, қаза тапты деген ақпарат келіп түсті. Оқиға қыздың 1999 жылы туған ағасының көзінше болған", - делінген хабарламада.

Қазір полиция марқұмның мүрдесін мәйітханаға сот-медициналық сараптама жасауға жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны