25.02.2008, 18:15 2853

Ақмола облысында боран ескертуі жарияланды

Ақмола облысында боран ескертуі жарияланды

Көкшетау. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында боран ескертуі жарияланды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, аймақта ақпанның 25-27 аралығында бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Көкшетау қаласында бастауыш сыныптардағы сабақ тоқтатылды. Қайғылы жағдайлар болмауы үшін құтқарушылар азаматтарға елдімекендердің аумағынан сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны