04.07.2013, 09:21 2650

Ақмола облысында цемент таситын көлік аударылып, республикалық маңызы бар күре жолды жауып тастады

Екі тәуліктен бері Алматы-Екатеринбург тас жолының 335-ші шақырымында аударылған 72 тонналық цемент көлігін орнынан қозғап, жолды ашу мүмкін болмай отыр.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында цемент таситын көлік аударылып, республикалық маңызы бар күре жолды жауып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі тәуліктен бері Алматы-Екатеринбург тас жолының 335-ші шақырымында аударылған 72 тонналық цемент көлігін орнынан қозғап, жолды ашу мүмкін болмай отыр.

Облыстық Автокөлік жолдары департаментінің хабарлауынша, жүргізуші рульде отырып ұйықтап кеткен болуы керек деген болжам бар.

Фура жолдың көпір алдындағы тұсын жауып тастаған. Бірақ, жолшыларда да, құтқарушыларда да мұндай ауыр көлікті қозғайтын арнайы техника болмағандықтан, жағдай қиындап отыр.

Жол полицейлері түні-бойы апат болған жерді күзетіп шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны