15.12.2008, 09:28 1412

Ақмола облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Ақмола облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Астана. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 14 желтоқсанда сағат 22.29-да Ақмола облысының Жарқайың ауданы Донское ауылында жер үйде 72 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 59 жастағы әйел қаза тапты. Өрт Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының көмегімен 02 сағат 22 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны