08.06.2009, 09:42 1283

Ақмола облысында түсті металл тиелген вагондардың шойын жолдан шығуының салдарынан жолаушылар тасымалдайтын төрт пойыздың қозғалысы 8 сағаттан астам уақыт бойы тежелді

Ақмола облысында түсті металл тиелген вагондардың шойын жолдан шығуының салдарынан жолаушылар тасымалдайтын төрт пойыздың қозғалысы 8 сағаттан астам уақыт бойы тежелді

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында түсті металл тиелген вагондардың шойын жолдан шығуының салдарынан жолаушылар тасымалдайтын төрт пойыздың қозғалысы 8 сағаттан астам уақыт бойы тежелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысының Атбасар ауданында Адыр - Ирченко станциялары арасында 7 маусымда сағат 17.20-да түсті металл тиелген жүк пойызының 8 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Соның ішінде 2 вагон бүйір жағына қарай құласа, 6 вагон темір жолдан шығып кетті. Соның салдарынан 125 метр темір жол төсенішіне ақау келді, 4 баған құлады, 200 метр электр жалғастыру желісі үзілді.

Екі вагон кері бағыттағы тақ санды теміржолдың үстіне қарай шығып кетуге байланысты №43 Алматы - Қостанай, №603 Астана - Арқалық, №37 Астана - Маңғышлақ, №39 Астана - Санкт-Петербург бағытындағы пойыздардың қозғалысы бөгелді.

8 маусымдағы сағат 02.36-дағы жағдаймен пойыздардың қозғалысы қайта жанданды. Апатты жоюға Есіл және Астана теміржол станцияларының қалпына келтіруші пойыздары мен 60 адам жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны