31.07.2006, 09:27 6406

Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жараланды

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпартына сәйкес, апат Аршалы ауданында болған. Алматы-Екатеринбург тас жолының 1289-шы шақырымында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Жигулидің" жүргізушісі мен төрт жолаушы, соның ішінде бір жасар бала мен 16 жастағы бозбала қаза тапты. "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны