11.12.2008, 10:36 1611

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Щучинск ауданында Астана - Петропавловск тас жолының 227-ші шақырымында 10 желтоқсанда ВАЗ және КамАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 47 жастағы ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның 84 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны