06.04.2011, 14:08 3274

АҚШ оңтүстік шығысында болған торнада құрбандарының саны 9 жетті

АҚШ оңтүстік шығысында болған торнада құрбандарының саны 9 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 6 - сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ оңтүстік шығысында болған торнада құрбандарының саны 9 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ оңтүстік шығысында өткен торнадодан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, бірнеше адам жарақаттар алған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Walton Sun газетінің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәліметтеріне сүйенсек, жылдамдығы секундына 26 метрден асқан желдің екпіні талдар мен электр желілерінің бағандарын құлатқан. Соның салдарынан Грейсвилль қаласында бес мыңға жуық адам жарықсыз қалды.

Джорджия, Теннеси және Миссисипи штаттарында талдардың құлауынан жеті адам адам қаза тапқан, оның ішінде біреуі жеті жастағы бала. Тағы бір адам қатты жел өзі тұратын трейлерді құлатқанынан мерт болған. Сонымен қатар, тағы бір қарт адам тоққа соғылып қаза тапты.

Қазіргі уақытқа торнады эпицентрі Алтлан мұхитына бет алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны