18.01.2016, 15:33 5365

Ақтау-Атырау күрежолында қорапқа салынған шақалақтыӊ мәйіті табылды

Қалыӊ қар басқан Ақтау-Боранкөл-Атырау күрежолыныӊ маӊайынан қорапқа салынған шақалақтыӊ мәйіті табылды

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қалыӊ қар басқан Ақтау-Боранкөл-Атырау күрежолыныӊ маӊайынан қорапқа салынған шақалақтыӊ мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл туралы хабар 17 қаӊтарда шамамен сағат 16.40-та келіп түсті. Сәбидіӊ мәйіті Ақтау-Боранкөл-Атырау тас жолыныӊ жанындағы 900 метр жердегі қоқыстан табылды. Сот және дәрігерлік сараптамалар тағайындалды. Олардыӊ нәтижесі әзірге дайын емес. Бейнеу аудандық ІІБ полицейлері ҚР ҚК 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Маӊғыстау облысы ІІД баспасөз қызметініӊ басшысы Жазира Ибіл, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Тергеушілер болған оқиғаныӊ анық-қанығын анықтап, нәрестеніӊ анасын іздестіріп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны