21.03.2007, 10:01 3230

Ақтауда Румынияның жеті азаматы тамақтан уланды, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА.21-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтауда Румынияның жеті азаматы тамақтан уланды, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Румыния азаматтары облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне 20-наурызда жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, улануға үйде дайындалған қызыл балықты жеу себеп болған.

"Зардап шеккен төрт адам, соның ішінде 11 жастағы жасөспірім "орташа деңгейлі тамақтан улану" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қалған үшеуі алғашқы дәрігерлік көмектен кейін үйлеріне жіберілді",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны