08.07.2010, 14:18 3092

Ақтөбе облысында 3700 гектар аумақты шарпыған екі дала өрті ауыздықталды

Атап айтқанда, ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше сағат 20.30 Хромтау ауданының Бөгетсай ауылдық округінде осы күні сағат 11.35 басталған өрт сөндірілген. Тілсіз жау 500 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы және ерікті өрт сөндіру жасақтарының 25 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Астана. 8-шілде. Kazakhstan Today 7-шілде күні Ақтөбе облысында 3700 гектар аумақты шарпыған екі дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше сағат 20.30 Хромтау ауданының Бөгетсай ауылдық округінде осы күні сағат 11.35 басталған өрт сөндірілген. Тілсіз жау 500 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы және ерікті өрт сөндіру жасақтарының 25 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, от шілденің 5-і күні кешқұрым Темір ауданына қарасты Тасқопа, Алтықарасу және Қайыңды ауылдық округтерінен шықты. 100 гектар жерде басталған өртті, шілденің 7-сі күні 3200 гектар аумақта ауыздықтау мүмкін болды.

"Тілсіз жаумен күресуге Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы және ерікті өрт сөндіру жасақтарының 88 адамы мен 7 техника жұмылдырылған",- деп айтылған ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны