10.09.2007, 10:32 1321

Ақтөбе облысында дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді

Ақтөбе облысында дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Ақтөбе облысында дала жанып жатыр, Шығыс Қазақстан облысында 6 тәуліктен астам созылған далалық өрт сөндірілді, деп хабарлайды агенттік.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Благодарный ауылдық округінде кеше 23.09-да далалық өрт шықты. "Өрт 10 қыркүйекте 04.25-те 3 мың га аумақта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал Алға ауданында Ақтөбеден 25 шақырым жерде 9 қыркүйекте 12 сағат 25 минутта дала массиві өртенді, жалын 1,5 мың га аумақты шарпыды. "Өрт 20 сағат 30 минутта сөндірілді, оны сөндіруге 19 адам мен 1 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 адамы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен бңрге, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 5 мың гектар аумақта 6 тәулікке созылған өрт сөндірілді. "Өртті сөндіруге 57 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны