25.09.2009, 10:16 1634

Ақтөбе облысында газ құбырындағы өрт салдарынан бульдозердің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

Ақтөбе облысында газ құбырындағы өрт салдарынан бульдозердің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Жаңажол - Кеңқияқ газ құбырындағы өрт салдарынан бульдозердің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "24 қыркүйекте сағат 15.56-те Темір ауданының Кеңқияқ кентінде жер қазу жұмыстары кезінде Жаңажол - Кеңқияқ газ құбырында бульдозер мен жер асты газ құбырындағы газ жанып, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды".

"Өрт салдарынан "Коматцу-355" бульдозерінің жүргізушісі, 42 жастағы РФ азаматы күйікке шалдығып, ауруханаға түсті", - деп хабарлайды ТЖМ.

Өртті сағат 17.23-те "Өрт сөндіруші" РМК-ның 6 адамы мен 2 техникасы сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны