12.04.2011, 14:35 3777

Ақтөбе облысында Қарғалы өзенінде қайық аударылып кетіп, бір адам қаза тапты

Ақтөбе облысында Қарғалы өзенінде қайық аударылып кетіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Қарғалы өзенінде қайық аударылып кетіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 18.40 Ақтөбе қаласы Заречный кентіндегі Қарғалы өзенінде үш адам мінген қайық аударылып кеткен.

"Шұғыл-құтқару жасағы" ММ-ның тобы 25 және 28 жастағы екі азаматты құтқарып үлгерген. Ал 22 жастағы үшінші азаматты осы уақытқа дейін табу мүмкін болмады. Іздеу жұмыстарын Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің судан-құтқару қызметі жүргізуде.

Photo: troe-v-lodke.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны