17.06.2009, 09:41 1222

Ақтөбе облысында кәріз құдығындағы жұмыстар кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі ер адам қаза тапты

Ақтөбе облысында кәріз құдығындағы жұмыстар кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі ер адам қаза тапты

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында кәріз құдығындағы жұмыстар кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы Жамбыл көшесінде 16 маусымда сағат 19.30-да кәріз құдығындағы жұмыстар кезінде "Теміржол су Ақтөбе" ЖШС-нің 51 жастағы бастығы мен 35 жастағы жұмысшысы қаза тапты.

Олардың мәйіттерін ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкерлері құдықтан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны