15.06.2010, 11:53 3118

Ақтөбе облысында көлік апатынан үш адам қаза болды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Эмба қаласына қарай бет алған "Опель Вектра" көлігінің 23 жасар жүргізушісі Эмба - Алтынды тасжолының 14-ші шақырымында ауа-райының нашарлығынан жолдың қарсы бетінде келе жатқан КамАЗ көлігіне соғылған.

Ақтөбе. 15-маусым. Kazakhstan Today - Кеше Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданын "Опель Вектра" және КамАЗ көліктері соғылған. Апат орнында үш адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Эмба қаласына қарай бет алған "Опель Вектра" көлігінің 23 жасар жүргізушісі Эмба - Алтынды тасжолының 14-ші шақырымында ауа-райының нашарлығынан жолдың қарсы бетінде келе жатқан КамАЗ көлігіне соғылған. Апат салдарынан "Опельдің" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны