05.01.2009, 19:30 3042

Ақтөбе облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Ақтөбе облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Ақтөбе. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 2 қаңтарда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болған. Аудан орталығынан 10 шақырым жерде жолдарды жөндеумен айналысып жүрген жұмысшылар тұратын вагон өртенген. Соның салдарынан жол жөндеумен шұғылданатын фирманың үш жұмысшысы қаза тапты. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны