17.01.2008, 17:13 2753

Ақтөбе облысында өртке қарсы қауіпсіздік нормаларды бұзғаны үшін алты мектептің іс-қызметі тоқтатылды

Ақтөбе облысында өртке қарсы қауіпсіздік нормаларды бұзғаны үшін алты мектептің іс-қызметі тоқтатылды

Ақтөбе. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында өртке қарсы қауіпсіздік нормаларды бұзғаны үшін алты мектептің іс-қызметі тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық өртке қарсы қызмет департаментінен хабарлады.

Атап айтқанда, мекеменің аға инспекторы Айгерім Райымқұлованың хабарлауынша, "Башенкөл мектебіне, Базой мектебіне, Байғанин кәсіби мектебіне, Красносельск орта мектебіне, № 19 Ақтөбе орта мектебіне, сондай-ақ Мартук ауданының студенттік мектебіне қатысты бір ай мерзімде анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті сот шешімі шығарылды".

"Біздің қызметкерлер тексеру жүргізген кезде мектептерде өртке қарсы дабылдың болмауы, сондай-ақ терезелерде өрт шыққан жағдайда адамдарды далаға шығаруға кедергі жасайтын темір торлардың болуы сияқты заң бұзушылықтар анықталған",- деді А. Райымқұлова.

Сонымен қатар, "департамент 412 мектепке 2 млн теңгеден астам сомада айыппұл салған",- деп атап өтті облыстық департаменттің аға инспекторы.

Облыстық білім департаментіндегілер өз кезегінде, "сот шешімімен іс-қызметі тоқтатылған мектептерде сабақтар жалғасуда", деп атап өтті.

"Біз барлық кемшіліктер мен талаптарды ескердік",-- деп мәлім етті департаменттегілер. "Жергілікті әкімшілік бюджетіне әрқайсысы 800 мың теңге тұратын дабылдар сатып алуға қажетті соманы салдық. Бірақ оқу жылының ортасында оқу процессін үзген жоқпыз",- деп нақтылап өтті олар.

Ақтөбе облысында интернаттарды қосқанда барлығы 460 астам мектеп бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны