19.01.2018, 17:53 13260

Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі автобуста болған өрттен зардап шеккендерге қажетті шараларды қолданып жатыр

Соӊғы сараптама қорытындыларын алғанға дейін және оқиғаныӊ мән-жайы анықталғанша бұқаралық ақпарат құралдарынан шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауын сұраймыз",- деп хабарлайды әкімдік.

Ақтөбе. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі автобуста болған өрттен зардап шеккендерге қажетті шараларды қолданып жатыр,- деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпарытына сәйкес, 18 қаӊтарда, Астана уақытымен сағат 10.30-да "Самара-Шымкент"тасжолыныӊ Ырғыз ауданыныӊ 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде Ақтөбе облысы арқылы Шымкент қаласынан РФ-ныӊ Қазан қаласына кетіп бара жатқан автобус өртенді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобуста 57 адам болған. Өрт салдарынан 52 адам қаза болды. Аман қалған бес адамға (үш көлік жүргізушісі мен екі жолаушы) қажетті медициналық көмек көрсетілді. Санитарлық авиация бригадасы зардап шеккендермен бірге оқиға болған жерден Ақтөбеге ұшып кетті.

Аман қалғандардыӊ айтуына қарағанда көлікте үш Қазақстан азаматы (жүргізушілер) мен 54 жолаушы - Өзбекстан Республикасыныӊ азаматтары болған.

Сағат 10:50-де облыс әкімініӊ орынбасары Серік Төленбергеновтіӊ басшылығымен жедел штаб құрылып, облыстық төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою комиссиясыныӊ жедел отырысы өткізілді. Қызмет бағыттары бойынша тапсырмалар беріліп, соған сәйкес Төтенше жағдайлар департаментініӊ дағдарыс орталығына облыстық қызметтерді тарта отыра жедел штаб құрылды, психолгиялық көмек беретін ыстық желі мен анықтама орталығыныӊ жұмысы қамтамасыз етілді.

Облыс әкімдігі Ырғыз ауданыныӊ әкімдігімен бірлесе зардап шеккендерге медициналық, психологиялық және өзге де қажетті көмектерді көрсетіп жатыр.

Ақтөбе қаласындағы мәйітхана қайтыс болғандардыӊ мүрделерін қабылдауға дайындалып, сонымен қатар мүрделерді Ақтөбе қаласына жеткізетін көлік даярланды.

Өрттіӊ себебін анықтау үшін төтенше жағдай орнына ІІД-ніӊ жедел-тергеу тобы, сынақтық өрт зертханасы, жылжымалы жылыту бекеті жіберілді.

Төтенше жағдай аймағында көлік қозғалысын реттей отыра қоғамдық тәртіпті күзетке алу және қоршауға алу жүзеге асырылуда.

Оқиға болған жерге облыс әкімініӊ орынбасары С.Төленбергенов, ТЖД бастығыныӊ орынбасары Е.Өтегенов, облыс прокурорыныӊ оырнбасары Д.Сыздықов, процессуалды прокурор О.Орынбасарұлы, облыстық ІІД басшысыныӊ орынбасары Е.Қалиақпаров кетті.

Аталмыш сұрақ облыс әкімдігініӊ үнемі бақылауында.

Ақтөбе облысында орын алған автобустыӊ жануы оқиғасына байланысты облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі хабарлама ттаратты.

Баспасөз қызметініӊ ақпарытына сәйкес, қазіргі кезде автобустыӊ жануы орын алған жерде Ақтөбе облысыныӊ ІІД жедел-тергеу тобы және оқиғаныӊ орын алуы себебін анықтайтын өрт сараптамасы жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, Ішкі саясат басқармасы қызметкері Виталий Синевтіӊ таратқан сымдардыӊ қысқа тұйықталуы және есіктіӊ ашылмай қалуы туралы ақпаратты шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, делінген әкімдік таратқан хабарламада.

"В.Синевтыӊ нұсқасы оныӊ өзініӊ алдын ала болжамдары болып табылады және шындық дерек деп есептелмейді. Соӊғы сараптама қорытындыларын алғанға дейін және оқиғаныӊ мән-жайы анықталғанша бұқаралық ақпарат құралдарынан шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауын сұраймыз",- деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны