25.07.2016, 16:04 7854

Ақтөбе облысыныӊ екі ауданында су тарту жұмыстары жүргізілуде

Ақтөбе облысыныӊ екі ауданында су тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.

Ақтөбе. 25 шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысыныӊ екі ауданында су тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.

"2016 жылғы 23 және 25 шілде аралығында қатты жауған жауынныӊ салдарынан Ақтөбе облысыныӊ Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы аумағында 10 жеке тұрғын үйдіӊ жетеуінде (судыӊ деӊгейі 5-10 см) және 47 аула аумақтарында (судыӊ деӊгейі 10-20 см) суды тарту жұмыстары жүргізілді",- деп хабарлайды мекеме.

Ақтөбе облысыныӊ ТЖД және жергілікті атқарушы органдардыӊ бірлескен іс-қимылы нәтижесінде Қандыағаш қаласындағы №3 гимназия мектебініӊ, "Самал" балалар бақшасыныӊ, Мұғалжар аудандық Тубдиспансерініӊ және Мұғалжар аудандық ОДО ғимаратыныӊ жертөлелерінде көтерілген жер асты сулары тартылды.

Интернационал және Сейфулин көшелелеріндегі су жіберетін құрылыстарды су шайып кеткен. Топырақ себу жұмыстары нәтижесінде Сейфуллин көшесіндегі су жіберу құрылысы қалпына келтіріліп, қозғалыс жалғасты. Интернациональная көшесіндегі су жіберу құрылысын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Қалыптасқан жағдайды бағалау үшін облыс атқамінерлері оқиға орнында болып, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияныӊ жоспадан тыс отырысы өткізілді, нәтижесінде Мұғалжар ауданында ТЖ режимі жарияланды және күштер мен құралдарды басқару және үйлестіру мақсатында Мұғалжар ауданы әкімдігі жанынан жедел штаб құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны