11.05.2010, 09:59 1475

Ақтөбе және Қызылорда облыстарында үш адам, соның ішінде 5 жасар бала суға кетті

Ақтөбе және Қызылорда облыстарында үш адам, соның ішінде 5 жасар бала суға кетті

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе және Қызылорда облыстарында өткен тәулікте үш адам, соның ішінде 5 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 мамырда сағат 19.30-да Ақтөбе қаласындағы Ново-Альжан қырманы маңындағы су қоймасына 5 жасар бала батып кетті. "Оның мәйіті Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар отрядының күшімен судан шығарылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 10 мамырда сағат 14.30-да Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніне 1988 және 1989 жылы туған екі жігіт батып кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны