05.01.2009, 18:59 3141

Ақтөбеде мас жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде мас жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбе. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде мас жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, соның салдарынан олар оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты 2 қаңтарда Есет батыр атындағы даңғылда сағат 15.30-да болған. 58 жастағы "Мазда-626" жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізу барысында ВАЗ 21-06 көлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан көліктің бағыты өзгеріп, 49 және 24 жастағы екі жүргінші әйелді қағып кеткен, олар оқиға орнында жан тапсырды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық және сот-автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны