30.12.2009, 09:41 3265

Ақтөбеде "Мицубиси" жүргізушісі екі баланы қағып өлтірді

Ақтөбеде "Мицубиси" жүргізушісі екі баланы қағып өлтірді

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде "Мицубиси" жүргізушісі екі баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше Ақтөбеде "Мицубиси" жүргізушісі Ақтөбе- Орск тас жолының 7-ші шақырымында екі баланы - 15 жасар қыз бен 11 жасар баланы қағып кетті, олар оқиға орнында жан тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Жамбыл облысының Мерке ауданындағы Сарымолдаев көшесінде сағат 19.00-де "Опель" және ВАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 50 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен оның жолаушысы - 42 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. "Опель" көлігінде отырған екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны