29.03.2007, 17:40 3283

Ақтөбеде пәтер алаяқтығы үшін алты әйел сотталды

АҚТӨБЕ. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде пәтер алаяқтығы үшін алты әйел сотталды, олардың бесеуі үкімді жариялағаннан кейін тура қалалық соттың залында қамауға алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе қаласының прокуратурасынан хабарлады.

Ақтөбе қаласының прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы Арман Мұқашевтің айтуынша, үш жыл бұрын құрылған қылмыстық топтың құрамына алты әйел кірген. Оның сөздеріне сүйенсек, алаяқтар қала тұрғындарына тәркіленген пәтерлерді нарық бағасынан екі есе төмен бағамен ұсынған. Тергеу барысында, әйелдердің барлығы да тәркіленген жылжымайтын мүлікке және аукцион өткізуге ешқандай қатыстары жоқ екені белгілі болды. Олар алдамшы жолмен жәбірленушілердің ақшасын алып, іздерін жасырып отырған.

Арман Мұқашевтің ақпараттарына сүйенсек, алаяқтар сотта өз кінәларын жартылай мойындаған, бірақ жәбірленушілерге ақшаларын қайтарған жоқ. Ақтөбе қалалық соттың шешімімен алты сотталушыға да Қазақстан Ресупубликасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының, 2-3 тармағына сәйкес (ір көлемде ұйымдасқан қылмыстық топтың жасаған алаяқтығы) қылмыстар жасады деген айып тағылып, бес жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы өз кезегінде бұл үкімге өздерінің наразылықтарын білдірді. "Қадағалау органы судьялар қылмыскерлерге жеңіл жаза тағайындады деп санайды және бес әйелдің жазасын алты жылға бас бостандығынан айыруды, ал қылмыстық топты ұйымдастырушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды талап етеді",- деп атап өтті А. Мұқашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны