11.05.2016, 20:01 7313

Ақтөбедегі зауыт жарылысында қаза болған жұмысшылардыӊ есімдері белгілі болды

Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жарылыс кезінде қаза болған екі жұмысшыныӊ есімі белгілі болды. Олар 26 жастағы С.Тәшенов пен 28 жастағы П.Бощакин. Екеуі де Қарағанды облысыныӊ тумасы

Ақтөбе. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жарылыс кезінде қаза болған екі жұмысшыныӊ есімі белгілі болды. Олар 26 жастағы С.Тәшенов пен 28 жастағы П.Бощакин. Екеуі де Қарағанды облысыныӊ тумасы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

8 мамыр күні сағат 13:35 шамасында зауыттағы №4 цехта жарылыс болды. Сол сәтте №41 пештіӊ құбырын керосинмен тазартып жатқан екі қызметкер өртеніп кеткен. Жедел жәрдем бекетініӊ маманы Гүлжанат Көшетованыӊ айтуынша, екі жұмысшыныӊ денесін қатты күйік шалып, сол жерде мерт болған. "Зауыттағы тазалау жұмыстарын істеуге барлығы 4 адам келген екен. Олардыӊ біреуі бригадир, үшеуі жұмысшы. Ал жарылыс болар кезде тек екі адам жұмыс істеген",- дейді ол, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ баспасөз хатшысы Сәлима Төлегенованыӊ айтуынша, қаза болғандардыӊ аты-жөні белгілі болды. Олар С.Тәшенов пен П.Бощакин. Екеуі пештіӊ құбырын тазартып жатқан кезде керосин құйылған алып бөшке олардыӊ жанында тұрған. Сонымен қатар, оттегі баллоны болған. "Құбыр тазарту жұмыстары жүріп жатқан кезде цех тоқтап тұрған екен. Ал жұмысшалар тендер арқылы құбыр тазарту жұмыстарын жеӊіп алған "МФ-Универсал" серіктестігінде еӊбек етті. Зауыттыӊ ғимараты, өзге адамдар жарылыстан зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 33 қызметкер жұмылдырылды", - дейді ол. Осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.

Еске салайық, 8 мамыр күні Ақтөбе ферроқорытпа зауытыныӊ №4 балқыту цехындағы №41 пешінде Қарағанды облысыныӊ мердігер компаниясы "МФ Универсал" ЖШС-і ТМТ-көлігініӊ гидрожүйесін керосинмен жуып жатқан. Жарылыс болып, құрал-жабдық жанып кеткен. Изірге, жарылыстыӊ негізгі себебі анықталған жоқ", - дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытыныӊ ұжымдық коммуникация қызметі.

Айта кетейік, жарылыс кезінде "МФ Универсал" ЖШС-ніӊ 1990, 1988 жылдары туған екі қызметкері қатты жараланып, қаза болды. Ал өрт дер кезінде сөндіріліп, қауіп күші жойылған. Зауыттыӊ коммуникация қызметі хабарлағандай, қазіргі кезде оқиға орны сол күйі сақталып, қоршауға алынған. "Оқиғаныӊ шығу себебі анықталып жатыр. "Казхром" ТҰК" АҚ қаза болған жұмысшылардыӊ отбасына көӊіл айтады", - дейді коммуникация қызметініӊ өкілдері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны