26.12.2011, 14:03 3431

Алматы - Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызынан 15 кг жуық марихуана әкетіп бара жатқан азамат ұсталды

Сенбі, 24 желтоқсан күні патрульдік полиция қызметкерлері "Қазалы-Арал" стансасына тоқтаған "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы №23-інші жолаушылар пойызынан, салмағы 14 келі 834 грамм "кептірілген марихуанасы" бар спорттық үлгідегі сөмкені тапты.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы - Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызынан 15 кг жуық марихуана әкетіп бара жатқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сенбі, 24 желтоқсан күні патрульдік полиция қызметкерлері "Қазалы-Арал" стансасына тоқтаған "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы №23-інші жолаушылар пойызынан, салмағы 14 келі 834 грамм "кептірілген марихуанасы" бар спорттық үлгідегі сөмкені тапты.

Шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қызылорда стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аталмыш вагонда келе жатқан Түркістан қаласының 37 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Түркістан қаласынан Ақтөбеге жетпек болған азамат мойындау түсінігін берді. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны