30.04.2009, 09:42 3144

Алматы - Екатеринбург трассасында көліктің аударылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Алматы - Екатеринбург трассасында көліктің аударылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Екатеринбург трассасында көліктің аударылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, жол апаты Қарағанды облысының Шет ауданында болған. Алматы - Екатеринбург трассасының 806-шы шақырымында 29 сәуірде сағат 21.30-да "Хюндай" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Жол апатының салдарынан 23 жастағы жүргізуші оқыс оқиға орнында қаза тапты; тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны