21.01.2010, 15:30 3237

Алматы қалалық әуежайында жүк ұшағы апатты жағдайда қайта келіп қонуға мәжбүр болды

Алматы қалалық әуежайында жүк ұшағы апатты жағдайда қайта келіп қонуға мәжбүр болды

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қалалық әуежайында "Алматы-Дели" бағытына қатынайтын жүк ұшағы апатты жағдайда қайта келіп қонуға мәжбүр болды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Көліктегі оңтүстік-шығыс ІІД-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "А-310" маркалы жүк ұшағы "Алматы-Дели" бағытына қатынайтын №6362 рейсі бойынша ұшу кезінде, ұшақтың ұшқыштар кабинасындағы герметизация құралының қосылуына байланысты, бүгін сағат 01.25-те Алматы әуежайына қайта оралып қонған. Ұшақ бортында 4 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны