04.06.2008, 09:40 1238

Алматы қаласы және Павлодар облысында жарылғыш зат қойылды деген ақпараттар келіп түсті

Алматы қаласы және Павлодар облысында жарылғыш зат қойылды деген ақпараттар келіп түсті

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Алматы қаласы және Павлодар облысында жарылғыш зат қойылды деген ақпараттар келіп түсті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 маусымда 15 сағат 46 минутта Алматы қаласының халықаралық әуежайы ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Арнайы тексеру шараларын өткізу кезінде жарылғыш зат табылмады.

Сонымен қатар, 3 маусымда 10 сағат 40 минутта "02 пультіне" Майқайың кентінің (Павлодар облысы) мектеп ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын хабар келіп түсті.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, арнайы тексеру шараларын өткізу кезінде жарылғыш зат табылмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны