22.08.2011, 17:15 3132

Алматы - Қапшағай тасжолында болған көлік апатының салдарынан алты адам мерт болды

Алматы-Қапшағай тас жолында болған жол апатынан 6 адам көз жұмып, тағы екеуі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Алматы. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы - Қапшағай тасжолында болған көлік апатының салдарынан алты адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы-Қапшағай тас жолында болған жол апатынан 6 адам көз жұмып, тағы екеуі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Көлік апаты бүгін түнде 01.30 сағат шамасында Алматы-Қапшағай тас жолының 110-шы шақырымында болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, Солтүстік бағытта жылжып келе жатқан Mitsubishi Montero автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Оның "Ауди-100" автокөлігімен соқтығысуы салдарынан алты адам, соның ішінде үш жасар бала қаза тапты.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі мен барлық жолаушылары оқиға орнында көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны