20.12.2011, 10:36 2954

Алматы мақта-мата комбинатында өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алматы қаласының Иуезов ауданы аумағында орналасқан "Almaty cotton plant" ЖШС-нің қоймасынан өрт шыққан.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы мақта-мата комбинатында өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алматы қаласының Иуезов ауданы аумағында орналасқан "Almaty cotton plant" ЖШС-нің қоймасынан өрт шыққан.

Өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 28 жастағы жұмысшының денесі табылды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 28 маманы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны