17.11.2006, 10:30 2864

Алматы мен Алматы облысындағы екі жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, сегізі жараланды

АСТАНА. 17-қараша. Kazakhstan Today. Алматы мен Алматы облысындағы екі жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматыда 16-қарашада "Nissan" автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, жүргізуші мен бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Алматы облысында Алматы-Талғар тас жолының 17-шақырымында 16-қарашада "Nissan" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, артынан металл дуалға барып соғылды. Жүргінші оқиға орнында жан тапсырып, жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны