06.04.2007, 10:50 1740

Алматы облысында 5 күннің ішінде 20 кг астам есірткі заттары тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында 5 күннің ішінде 20 кг астам есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы агенттікке Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Алматы-Бішкек автожолының 59 шақырымындағы "Ростов" өткізу бекетінде жол полициясы басқармасының есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері "Ауди-100" автокөлігінен марихуана табады. "Есірткі затының жалпы салмағы 18,5 кг",-деп түсініктеме берді баспасөз қызметіндегілер. Автокөліктің жүргізушісі тұтқындалып, уақытша тергеу орнына жіберілді.

Сонымен қатар кеше жол полициясының дәл сол бекетінде Алматыға бет алған "Мицубиси-Галант" автокөлігі тоқтатылады. "Жолаушылардың бірі, Қырғызстан азаматшасынан жеке заттарының арасынан жалпы салмағы 2,3 кг шикі көкнәр салынған қапшық табылды",-деді полицейлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны