31.08.2011, 11:48 6879

Алматы облысында "Алматы кәмпиті" ЖШС ғимараты өртке оранды

Алматы облысында "Алматы кәмпиті" ЖШС-ның қойма ғимаратында ірі өрт болған.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында "Алматы кәмпиті" ЖШС ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Алматы облысында "Алматы кәмпиті" ЖШС-ның қойма ғимаратында ірі өрт болған.

Аталмыш компанияның Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы бөлек тұрған екі қабатты қойма ғимараты өртенген. 30 тамыз күні екі жарым сағат бойы лаулаған жалын 80 шаршы метр аумаққа жайылды. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны