22.10.2007, 10:10 1431

Алматы облысында автокөліктің аударылуы салдарынан жүргізуші қаза тапты

Алматы облысында автокөліктің аударылуы салдарынан жүргізуші қаза тапты

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында автокөліктің аударылуы салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 21 қазанда Алматы облысының Іле ауданында Төңкеріс-Байсерке тас жолының 27-ші шақырымында "Мерседес" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны