19.05.2009, 10:09 975

Алматы облысында екі адам құдықты тазарту кезінде белгісіз газдан уланып қаза тапты

Алматы облысында екі адам құдықты тазарту кезінде белгісіз газдан уланып қаза тапты

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында екі адам құдықты тазарту кезінде белгісіз газдан уланып қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылында болған. Ленин көшесіндегі жер үйде 18 мамырда сағат 15.35-те "үйдің ауласында құдықты тазалау барысында екі ер адам белгісіз газдан уланып қаза тапқан".

Олардың мәйіттерін жергілікті тұрғындар құдықтан шығарып алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны