23.04.2012, 12:37 3273

Алматы облысында қатты соққан дауыл салдарынан екі мектеп пен 6 тұрғын үйдің шатыры жұлынып кетті

"22 сәуір күні сағат 19.20 Достық станциясында жылдамдығы 32 м/с қатты жел соқты. Соның салдарында №11 орта мектептің 100 ш. м, жаңадан пайдалануға берілген мектептің 50 ш. м, және екі 4 қабатты, төрт 2 қабатты үйлердің жылпы көлемі 300 шаршы метр төбе жабынын дауылды жел ұшырып кеткен", делінген таратылған хабарламада.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында қатты соққан дауыл салдарынан екі мектеп пен 6 тұрғын үйдің шатыры жұлынып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"22 сәуір күні сағат 19.20 Достық станциясында жылдамдығы 32 м/с қатты жел соқты. Соның салдарында №11 орта мектептің 100 ш. м, жаңадан пайдалануға берілген мектептің 50 ш. м, және екі 4 қабатты, төрт 2 қабатты үйлердің жылпы көлемі 300 шаршы метр төбе жабынын дауылды жел ұшырып кеткен", делінген таратылған хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында шығынды анықтау жөніндегі комиссия жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны