20.01.2010, 11:33 1807

Алматы облысында кеше екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

Алматы облысында кеше екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында кеше екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында Фрунзе көшесіндегі жер үйде сағат 15.45-те көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 56 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Текелі қаласының Жансүгіров көшесінде жер үйде сағат 16.30-да көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 65 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны