13.04.2010, 15:24 3026

Алматы облысында Қызылағаш ауылында қаза тапқан соңғы адамның мәйіті табылды

Алматы облысында Қызылағаш ауылында қаза тапқан соңғы адамның мәйіті табылды

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында тасқын салдарынан қаза тапқан соңғы адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12 сәуірде Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі өзен арнасын бойлай 30 шаршы шақырым аумақта жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында хабар-ошарсыз кеткендер санатындағы 1984 жылы туған Төлеубай Рысжан есімді әйелдің мәйітін тапты.

Жалпы алғанда іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында қаза тапқан 45 адамның, соның ішінде 22 ер адам, 23 әйелдің, соның ішінде кәмелетке жетпеген 10 ұл мен 5 қыздың мәйіті табылды.

Қызылағаш ауылындағы тасқын салдарын жоюға Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 35 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны