11.01.2011, 14:55 3911

Алматы облысында Шарынның тасуынан ауылдың 250 ауласын су басып, 356 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы облысында Шарынның тасуынан ауылдың 250 ауласын су басып, 356 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Астана. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы арнасынан тасыған Шарын өзені 100 үй мен 250 ауланы басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, төтенше жағдай дүйсенбі, 10 қаңтар күні кешкі сағат алты шамасында орын алды. 356 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, туыс-туғандарына жеткізілді. Тағы 18 адам екі орта мектепке орналастырылды. Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі төмендеді, ел тұратын аумақтан суды басқа жаққа бұру жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 298 адамы мен 22 техникасы айналысуда.

ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ТЖМ өзендегі су деңгейінің төмендегенін, және су арнасын басқа жаққа бұру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.

Су тасқынының салдарын жоюға 298 адам мен 22 дана техника, оның ішінде облыстық ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны