08.12.2015, 17:06 6234

Алматы облысында студент қызды ұрлап әкеткен адамныӊ автомобилі анықталды

Полиция Алматы облысында жоғалған 20 жастағы Айзада Авлатарова есімді студент қыз отырған автомобильді анықтады

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Полиция Алматы облысында жоғалған 20 жастағы Айзада Авлатарова есімді студент қыз отырған автомобильді анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысыныӊ ІІМ хабарлайды.

Полиция еріктілермен бірге Жаӊа-Арна, Мичурин, Али, сондай-ақ жақын жатқан саяжайларды қарап шықты. Жетіген ауылынан Қапшағай қаласы аралығындағы жолда сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралды. Мобильді байланысты детализациялау жүргізілді. Полицияныӊ қалалық, аудандық бөлімшелері жоғалған қызды іздестіруде.

"Медициналық, білім беру мекемелері, интернет-кафе, әуежай, теміржол және автовокзалдар тексерілуде. Полиция қыздыӊ барлық таныстарын сұрастырып, куәгерлерді іздестіруде. Қазіргі уақытта тергеу бойынша жоғалған қыз отырған автомобиль анықталды", - деді полиция.

Естеріӊізге сала кетейік, 3 желтоқсан күні 20 жастағы студент қыз жоғалып кетті. Ол Жетіген ауылындағы үйінен Өтеген батыр ауылындағы сабағына бет алған. Қыз баланыӊ үстінде қара куртка, көк джинасы, мойнында қызғылт шарф болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны