24.12.2010, 16:10 3944

Алматы облысында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар жоқ

Алматы облысында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер сілкінісі болды, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жер сілкінісі кеше, 23 желтоқсан күні түнгі сағат 22.04-те Іле Алатауы жотасының маңында орын алды. Энергетикалық дәрежесі - К=9,9. Зілзала кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 104 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ, жер асты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2 балл күшпен Саты кентінде сезілді. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны