13.06.2008, 09:55 1122

Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол апатынан бір бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қарасай ауданында Алматы - Бішкек тас жолында 12 маусым сағат 12.00-де "Фиат" және "Мерседес" көліктері соқтығысты.

Жол апаты салдарынан "Фиат" көлігінде отырған 9 жасар қыз оқыс оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен "Фиат" көлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны