05.10.2006, 10:13 3233

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 5-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Талғар ауданында 4-қазанда Алматы-Талғар тас жолының 10-шақырымында 21 сағатта "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан олар оқиға орнында мерт болды.

Сол күні Ұйғыр ауданында Ақсай-Шонжы-Құлжа тас жолының 55-шақырымында 18 сағат 50 минутта "ВАЗ-21074" автокөлігінің жүргізушісі "Стеир" автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан "Жигули" жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, тағы біреуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны