14.08.2006, 10:48 3167

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, сегізі жараланды

АСТАНА. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қапшағай қаласында, Алматы-Өскемен тас жолының 76-шақырымында 13-тамызда 7 сағат 30 минутта "ВАЗ-2104" автокөлігінің жүргізушісі "Аудимен" соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Жигулидің" жүргізушісі жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды. Оның үш жолаушысы мен "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі, сондай-ақ, осы көліктің бір жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, жксенбі күні кешке Алматы облысы Көксу ауданы Киров кентінде аудандық ІІБ ғимаратының алдында "Ниссан" автомашинасы ағашқа соғылып қалды.

Көлік апатының салдарынан 22 жастағы әйел мен 10-12 жастардағы қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, 26 жасар жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны