03.06.2013, 09:58 3119

Алматы облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Алматы облысы Іле ауданындағы тоғандардың бірінде жүк көлігі суға батып кетті. Оның ішінен жүргізушінің мәйіті табылды.

Талдықорған. 3-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысы Іле ауданындағы тоғандардың бірінде жүк көлігі суға батып кетті. Оның ішінен жүргізушінің мәйіті табылды.

31 мамыр күні кешқұрым ЗИЛ-130 көлігі Чапаев ауылының маңында орналасқан №3 тоғаннан шығарылды. Оның ішінде 53 жастағы ер адамның денесі болған.

Іле ауданындағы кәсіпорындардың біріне тиесілі көлік 28 мамыр күні Боралдай ауылынан шығып, ізім-ғайым жоғалып кетті. Кәсіпорын жұмысшылары бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшыларына арызданған. Алдын ала болжам бойынша, көлік тізгінінде отырған жүргізушінің көзі ілініп, ол жолдан тоғанға аударылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны